Болатбек Баянұлы Қуандықов (14 сәуір 1969, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы «III Интернационал» ұжымшары) - Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің басшысы. Экономика ғылымдарының кандидаты (2004).
Өмірбаяны Қазақ мемлекеттік басқару академиясының экономикалық жоспарлау факультетін бітірген (1994), экономист. 1986-1987 жылдары - ҚЖБ ағаш шебері. 1992 жылдан «Адам-Ата» АҚ, «Лидер» кооперативтік бірлестігінде бухгалтер-ревизор. 1993 жылдан - ҚР Ұлттық банкінің Қызылорда облыстық басқармасының экономисі, аға экономисі, бөлім бастығы, басқарма бастығы. 1996 жылдан - ҚР Ұлттық банкі Қызылорда облыстық басқармасында бастық. 1999 жылдан - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2000 жылдан - бірінші орынбасары. 2004 жылдың ақпан айынан - ҚР Бюджеттік жоспарлау және экономика департаментінің директоры. 2004 жылдың қараша айынан - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі. 2008 жылдың наурыз айынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2008 жылдың мамыр айынан бері - Қызылорда облысының әкімі. 2013 жылдың 13 қарашасынан Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің басшысы.
Ғылыми еңбектері Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Аймақтық агроөнеркәсіп өндірісін дамытуды басқару». «Агроөнеркәсіптік өндірісін дамытуды басқару» монографиясының авторы.
Марапаттары Құрмет ордені «Астанаға 10 жыл» медалі «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)
Отбасы Үйленген. Жұбайы - Қуандықова Анар (1971 ж.т.), «ИЦА» АҚ маманы. Қыздары - Қуандықова Гүлсара (1992 ж.т.), Қуандықова Айсара (2001 ж.т.); ұлы - Қуандықов Самат (1994 ж.т.), Қуандықов Нұрсат (2007 ж.т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:14 ақпанда туғандар Санат:1969 жылы туғандар Санат:Қармақшы ауданында туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қызылорда облысының әкімдері Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері