Шүмек – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 60 км, су жиналатын алабы 1090 км2.
Бастауы Кепелітаудың солтүстік-шығысында 2,4 км жердегі бұлақтан басталып, Ақшағыл (684 м) тауының солтүстік-батысында тартылып қалады.
Гидрологиясы Жағасы жарлы (0,4 – 1,0 м). Қар суымен, аздап жер асты суымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы 0,20 м3/с. Лайлылығы 50 – 100 г/м3. Мал суаруға пайдаланылады, алабы – жайылым.Қазақ энциклопедиясы, 9 том
Этимологиясы Шүмек сөзінің бірнеше лексикалық мағынасы бар (ыдыстың шүмегі, бесіктің шүмегі, шылдыр шүмек) және осы мағыналардың негізінде "көлдің шүмегі" деген тіркес қалыптасқан. Қазақ көлге құятын немесе шығатын сулардың көлге жақын тұсын шүмек деп атайды. Оның үстіне көлге құятын суларды жоғарғы шүмек, ал ағып шығатын суларды төменгі шүмек деп жіктейді. Шүмектер балық аулауға ыңғайлы болып келеді. Шүмек гидронимі шүмек гидрографиялық термині бойынша жасалып тұр.
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы