Боралдай — Алматы облысы Іле ауданындағы кент, Боралдай кенттік әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Өтеген батыр кентінің оңтүстік-батысында 20 км-дей жерде, қоңыр және боз топырақты қоңыржай қуаң агроклиматтық белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1899925676 35863 139,7 12256 17294 141,1 13420 18569 138,4

Тарихы Іргесі 1929 жылы Түрксіб темір жолы салынуына байланысты қаланды.

Кәсіпорындары Боралдайда қант зауыты, кірпіш зауыты, табиғи тастарды өңдеу цехы, тұрмыс қажетін өтеу комбинат, көлік, т.б. өндіріс кооперативтері мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль және темір жолдарымен қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том.

Дереккөздер

Санат:Іле ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері