Бескөл — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Бескөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Үшарал қаласының шығысында 10 км-дей жерде, Ақтоғай-Достық темір жолы бойында орналасқан. Алакөл көлінің оңтүстік-батысындағы сұр топырақты қоңыржай құрғақ агроклиматтық белдемде жатыр.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен39063301 4355 131,9 1615 2148 133 1686 2207 130,9
Инфрақұрылымы Ауылда шаруа қожалықтары, мекемелер мен кәсіпорындар жұмыс істейді. Орта мектеп, бала бақша, дәрігерлік пункт, т.б. бар. Ауыл тұрғындары Үшарал қаласымен және т.б. елді мекендермен автомобиль жолы және темір жолмен қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том.
Дереккөздер
Санат:Алакөл ауданы елдi мекендерi