Шолақсор – Ертіс алабындағы ағынсыз көл.
Географиялық орны Ақмола облысының Ерейментау, Павлодар облысының Ақтоғай аудандары жерінде. Сілеті мен Шідерті өзендері аралығында. Теңіз деңгейінен биіктігі 65,6 м.
Гидрографикасы Ауданы 28,26 км2, ұзындығы 7,9 км, ең енді жері 4,6 км. Жағалауы түйетайлы, сортаң. Оңтүстік-батысына Тенеке өзені құяды. Қар суымен толығады. Суы тұзды. Қараша айының соңында қатып, сәуірдің соңында мұзы түседі. Алабы – жайылым.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Дереккөздер
Санат:Ертіс су алабы Санат:Ерейментау ауданы көлдері Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) көлдері