Бестөбе — Ақмола облысы Степногорск қалалық әкімдігіне бағынышты кент, Бестөбе кенттік әкімдігі орталығы.
Географиялық орны Степногорск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 85 км-дей жерде, құрғақ далалық белдемде орналасқан. Жақын темір жол станциясы — Ақсу (93 км).
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен64976335 5965 94,2 3203 3045 95,1 3132 2920 93,2
Тарихы Іргесі Бестөбе алтын кеніне байланысты қаланған (1931). 1940 жылдан кент.
Кәсіпорындары Бестөбедегі негізгі кәсіпшілік — алтын өндіру. Елді мекенде Степногорск ішпек зауытының цехы, кеніш жабдықтарын жөндеу кәсіпорны, автобаза жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Орта мектептер, мәдениет үйі, аурухана, т.б. бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Степногорск қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері