Тұрғын халықтарды зерттеу институты, Хажеттепе жанындағы (Nьfus Etьtlerі Enstіtьsь, Hacettepe Unіversіtіsі) ғылыми-оқу мекемесі. 1967 жылы Анкарада (Түркия) құрылған. Ғылым қызметінің бағыттары – бала туу, отбасын жоспарлау, көші-қон және урбанизация мәселелерін зерделеу. Институт тұрғын халық жөніндегі мамандар даярлайды, демограф білімдерді насихаттайды, түрік ғалымдарының тұрғын халық саласындағы ғылыми-зерттеулерін үйлестіреді. Тоқсан сайын рефератты- библиографиялық бюллетень шығарады. Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Тұрғын халықтарды зерттеу институты · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.