Нұрила (Нүрила) Әбенқызы (1894, Алматы облысы Қаскелең ауданы Кемертоған ауылы – 1921, сонда) – айтыскер ақын.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Нұрила 1918 жылы бір жиындағы айтыста Бармақ, Арғынбай, Мақыш ақындарды қатар жеңіп, Жетісу өңіріне кеңінен танылған. Келесі жылы аталған ақындармен қоса Үмбетәлі, Саяділ, Шүкітай, Оспан, т.б. он бір ақынмен кезек айтысып, жүлде алған. Бұл айтысқа Жамбыл төрелік айтып, Нұриланың ақындығын жоғары бағалаған. Кейін Үмбетәлімен сүре айтысында сөз сынасқан, бұл сөз сайысы “Айтыс” жинағына енген (1965). Ақынның “Жаңа таң” атты жыры ел аузында сақталған.Айтыс, 2-т., А., 1965.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Сілтеме Айтыс
Дереккөздер
Санат:Қазақ ақындары