Гродеково — Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Гродеков ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 37 км, Тараз қаласынан 12 км жерде, Талас өзені аңғарының сол жағасында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен43004085 6461 158,2 2020 3202 158,5 2065 3259 157,8

20-ғасырдың басында қазақ даласына көтерілісшілерді жазалау үшін өзінің солдаттарымен патшаның генералы Гродеков келген. Олар Талас өзенінің шұрайлы жеріне түпкілікті орнығып, алғашқыда 1903 жылы "Солдатское", 1916 жылы "Гродеково" селосы болып аталды. 1908 жылы патша генералы шіркеу салдырып, 1916 жылы "Приходская школа" атанған мектеп ашады. Кеңес өкіметі кезінде "Сталин", "ХХІІ партсъезд" колхозы болған. 1940 жылдары Кавказдан қарашай, чешен, түрік, еврей және басқа да ұлт өкілдері жер аударылып, қоныстанған. Қырғыз Республикасымен шекаралас. Екі республиканың ортасында "Талас" кедені орналасқан.Жамбыл облысының топномикалық атауларының анықтамалығы

Тарихы Іргесі XIX ғасырдың аяғында қаланған. Бұрынғы қызылша өсіретін «22-партсъезд» кеңшары негізінде Гродековода шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) елді мекендері