Канзас () — штат Америка Құрама Штаттарының орталығында орналасқан. Халқы — 2 871 238 адам (2011), шамамен 2 989 188 адам (2026). Астанасы — Топика қаласы. Ірі қаласы — Уичито. Штат тағы «Американың астық қоры» деп аталады: ол астық өсіруші штаттар арасында көшбасшылық етеді. Штат гүлі — күнбағыс, штат ағашы — терек.

Штаттың көп бөлігі Ұлы жазықтықта орналасқан, солтүстігінде Небраскамен, шығысында Миссури, оңтүстігінде Оклахомамен және батысында Колорадо штаттарымен шекараласады. Өңірдің ірі өзендері Миссури және Арканзас Солтүстік Американың ең ірі өзені — Миссисипи өзені алабына жатады.

Тарихы 1541 жылы Канзас территориясы испандық конкистадор Коронадоның қарауына өтті, кейін француз зерттеушісіне қарады. 1803 жылы АҚШ-қа қабылданды. Канзас АҚШ-тың 34-штаты болды. Азаматтық соғыс жылдары КанзасӘлемнің бақташы астанасы құлдыққа қарсылар және жақтаушылар жалдауында болды. Темір жол құрылысы азаматтық соғыстан кейін салына бастады.

Географиясы және климаты Канзас шығысында Миссури штатымен, батысында — Колорадо, солтүстігінде — Небраска, оңтүстігінде — Оклахома штаттарымен шекараласады. Ауданы — 213 096 км2.

Канзастың климаты континентальды, салқын қысты (кейде суық) және ыстық жазды. Штаттың солтүстік және солтүстік-батыс жағы Канаданың суық, ал оңтүтік бөлігі Мексика шығанағының жылы ауа әсерінде болады, соған байланысты температураның ауытқууы анық байқалады. Осы ауа массаларының соқтығысуынан өте қарама-қарсы атмосфералық фронттар туындайды, соның әсерінен торнадо пайда болады (Канзас "аллее торнадо" атты дауыл аймағында орналасқан). Штаттың орташа жылдық температурасы +13 °C. 1936 жылы 24 шілдеде Элтонда (Alton) абсолюттық максимум +49 °C көрсеткішті анықталған . 1905 жылы 13 ақпанда абсолютті минимум -40 °C Ливандада байқалған (Lebanon). Қаңтардың орташа температурасы -2..-4 °C (орташа күндізгі максимум +2..+6 °C, түңгі минимум -6..-9 °C). Шілдедегі орташа температура +26..+27 °C (орташа күндізгі максимум +32..+34 °C, түңгі минимум +19..+21 °C). Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері оңтүстік-шығыстан 1000 мм батысқа 400 мм кемиді (Уичита (Wichita) қаласында жылына 772 мм жауады). Кейбір жылдары қуаңшылық болады. Жауын-шашынның жылдық мөлшерінің 3/4-бөлігіне жуығы сәірден қыркүйек айлары аралығында түседі. Додж-Сити (Dodge City) АҚШ-тың ең желді орындарының бірінен есептеледіс - орташа желдің жылдамдығы сағатына 14 миль (6,4 м/с). Әртүрлі Канзас қалаларының айлық қалыпты, жоғары және төмен температуралары Қала Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қырк Қаз Қар Желт Конкордия 36/17 43/22 54/31 64/41 74/52 85/62 91/67 88/66 80/56 68/44 51/30 40/21 Додж-Сити 41/19 48/24 57/31 67/41 76/52 87/62 93/67 91/66 82/56 70/44 55/30 44/22 Гудлэнд 39/16 45/20 53/26 63/35 72/46 84/56 89/61 87/60 78/50 66/38 50/25 41/18 Топека 37/17 44/23 55/33 66/43 75/53 84/63 89/68 88/65 80/56 69/44 53/32 41/22 Уичита 40/20 47/25 57/34 67/44 76/54 87/64 93/69 92/68 82/59 70/47 55/34 43/24

Халқы 210px|right|thumb|Канзастың жастық-жыныстық пирамидасы

АҚШ халық санағы бюросының дерегі бойынша 2011 жылдың 1 маусымында Канзас халқы 2 871 238 адам; 2010 жылғы санақпен салыстырғанда 0,64 %-ке өскен. 2010 жылғы санақ бойынша штаттың нәсілдік үлесі келесідей: ақ нәсіл (91,91 %), афроамерикандықтар (6,41 %), байрғы американдықтар (1,78 %), азиаттар (2,1 %), гавайлықтар және мұхиттық аралдардың байырғы халықтары (0,12 %). Ақ нәсілді халықтар негізгі рөлде немістер (33,75 %), ирландықтар (14,4 %), ағылшындар (14,1 %), француздар (4,4 %), шотландтар (4,2 %), голланддықтар (2,5 %) және швед (2,4 %) тектілер.

2004 жылғы дерек бойынша 149 800 жуық адам (Канзас халқының 5,5 %-і ) АҚШ ішінде туылғандар.

Халық санының динамикасы: 1950: 1 905 299 адам. 1960: 2 178 611 адам. 1970: 2 246 578 адам. 1980: 2 363 679 адам. 1990: 2 477 574 адам. 2000: 2 688 418 адам. 2010: 2 853 116 адам.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Kansas.gov: the official website for the State of Kansas Kansas History Online Cutler’s History of Kansas

Санат:АҚШ штаттары