Араб тіліндегі есімдер мен атауларды кирилл әріптерімен немесе латын әріптерімен транскрипциялау қиындықтар тудыруы мүмкін, себебі араб тілінің көптеген дыбыстары қазақ немесе ағылшын тілінде аналогтары жоқ, сондықтан олардың дәлме-дәл айтылуын арнайы белгілерсіз беру қиын.

Келтірілген кестеде Қыдырбаев Қалдыбай Арыстанбекұлының философия докторы (PhD) атағын алу үшін жазылған «Қазақ онимдерін араб тіліне транслитерациялаудың ғылыми-теориялық негіздері» диссертациясына негізделген. Бұл еңбекке ғылыми кеңесші ретінде профессор, филология ғылымдарының докторы Жұбатова Б.Н. және әл-Азһар университетінің профессоры Әли Әли Шағбан ат салысқан.

Араб әріптерін латиница мен кириллицаға берудің негізгі ережелері Әріп Атауы Ғылыми транскрипция Ғылыми транслитерация Практикалық транскрипция IPA кирилл DIN лат. қазақ. ا ʼәлиф /(ː)/ ā a, aa ā, ə̃ ﺀ һамза // ʼ, — — ب бə̃ʼ // b b б ت тə̃ʼ // t t т ث сə̃ʼ // th с ج жим / / j, dj, g ж ح хə̃′ // h х خ хā′ / / kh х د дə̃л // d d д ذ зə̃л // dh з ر рāʼ // r r р ز зə̃ʼ // z z з س сūн // s s с ش шūн // sh, ch ш ص ċāд // s ċ ض дāд // d, dh д ط ҭāʼ // t ҭ ظ ҙāʼ / / z, zh, dh ҙ ع ʼәйн // ʻ ʼ غ ғайн // g, gh ғ ف фə̃ʼ // f f ф ق қāф // q q, k, g қ ك кə̃ф // k k, c к ل лə̃м // l l л م мūм // m m м ن нȳн // n n н ه һə̃ʼ // h h һ و ўə̃ў /, / w w, u, oo, ou ў ي йə̃ʼ /, / y y, i, ee й

Ерекше тіркестер Әріп Атауы Ғылыми транскрипция Ғылыми транслитерация Практикалыө транскрипция IPA кирилл DIN лат. қазақ. ﺁ әлиф-мәдда /ʔaː/ ’а̄ ʾa а, ә ﺓ тә марбута /a, at/ а, ат h, t a, ah / at а, ә, әт/ет/ат ﻯ әлиф мақсура /aː/ а̄ a а, ә ﻻ ләм-әлиф /laː/ ла̄ la лә ال әлиф-ләм /al, aC-/ аль- al-, el- әл- ассимиляция әл- артиклі шәмсия әріптерінің алдында + + + — / + +

Дауысты дыбыстар Әріп Атауы Ғылыми транскрипция Ғылыми транслитерация Практикалық транскрипция IPA кирилл DIN лат. қазақ. Қысқы дауысты дыбыстар َ‎◌ фатха // а a а, ә ُ‎◌ дамма // у u у ِ‎◌ кәсра // и i и Созыңқы дауыстылар َا‎◌ фатха-әлиф // а̄ ā ā, ə̃ ٰ‎◌ әлиф-ханджария // а̄ ā ā, ə̃ َى‎◌ фатха-әлиф-мақсура // а ā ā, ə̃ ‎‎‎ىٰ◌‎‎‎ // ā ā, ə̃ ُو‎◌ дамма-уәу // ӯ ū ӯ ِي‎◌ кәсра-йә // ӣ ī ӣ Дифтонгтар َو‎◌ фәтха-уәу // аў aw ау, әу َي‎◌ фәтха-йә // ай ay ай, әй Шәддамен тіркесу َوّ‎◌ /uːw, -uː/ uww уу ِيّ‎ّ◌ /iːj, -iː/ iyy ий(й)*

Тәнуин Әріп Атауы Ғылыми транскрипция Ғылыми транслитерация Практикалық транскрипция IPA кирилл DIN лат. қазақ. ـً тәнуин-фәтха /an/ ан an ан, ән ًى‎◌ /an/ ән an ан, ән ـٌ тәнуин-дамма /un/ ун un ун ـٍ тәнуин-кәсра /in/ ин in ин

Басқа белгілер Әріп Атауы Ғылыми транскрипция Ғылыми транслитерация Практикалық транскрипция IPA кирилли DIN лат. орыс. ْ‎◌ сукун /Ø/ ّ шәдда дауыссызды екі еселеу дауыссызды екі еселеу ٱ уасл һамзасы // ؐ уасла /Ø/

Мысалдар مُحَمَّدٌ [muḥammadun] — Мухаммадун. Қазақ арасында Мұхаммед, Махамбет, Мұқамбет, Мұхамед, Мәмбет, Мәмет және т.б. қолданылады (Қазақша Уикипедияда көбінесе Мұхаммед деп қолданылады, мысалға: Мұхаммед пайғамбар, Мұхаммед әш-Шайбани). Транслитерация кезінде араб сөзінің қай септікте екені есепке алыбайды. Мысал: أبو عبد الله [Abu ′Abdillahi] — Әбу ′Абдиллə̃һи. Бірақ жазылғанда: Әбу Абдуллаһ деп беріледі. Сонымен қоса соңғы харакаттар түсіп қалады: زيدٌ [zaịdun] — Зәйдун, «Зәйд» деп жазылады. Қамария әріптерімен басталатын сөздердің алдына «әл-» артиклі қойылады. Егер сөйлем басында болса — бас әріппен, ортасында — кіші әріппен. Мысалға: الحاكم [al-Hakim] — «Әл-Хаким» болады, ал مستدرك الحاكم [jalasa al-Hakim] болса, «Мустадрак әл-Хаким» деп жазылады. Егер «әл-» артиклі Шәмсия әріптеріне келсе, «әл» деп жазылмай, оның орнына қосарланып оқылатын шәмсия әрпі жазылады. Мысалға: الشيباني [aš-Šaibaniịịu] — «Әш-Шайбани» деп жазылады, «әл-Шайбани» емес. Бір буыннан тұратын араб сөздері қазақшаға жіңішке әріптермен беріледі (ح, ع, ر әріптерінен басқа). Мысал: زيدٌ [zaịdun] — Зәйд; Зайд немес Зейд емес. لَيْثٌ [laiṯun] — Ләйс; Лайс немесе Лейс емес. فَهْد [fahdun] — Фәһд Ал сөз екі буынды болса қазақшаға жуан әріптермен беріледі. Мысал: منصور [manṣūrun] — Мансур, Мәнсур емес. مروان [marụānu] — Маруан, Мәруан емес. مرْيَم [marịamu] — Марйам (Марям), Мәрям емес. Сөз екі буыннан тұрып, екінші буындағы дауыты дыбыс фатха немесе әлиф болса, бірінші буыны жіңішке, екіншісі жуан беріледі. Мысалға: زيْنَب [zaịnabu] — Зәйнаб, Зайнаб емес سلمان [salmānu] — Сәлман, Салман емес ليلى [laịlā] — Ләйла Ал екінші буындағы дауысты дыбыс кәсра немесе дамма болса, екі буын да жіңішке әріппен беріледі: جابر [dʒābirun] — Жәбир, Жабир емес. يزيد [ịazīdu] — Язид (Йәзид), Йазид емес. «Ибн» (ұлы, баласы) сөзі арабтар بْنُ [bnu] деп қысқартқанымен, «ибн» деп толығымен жазылуы керек: أحمد بن حنبل [Ahmadu bnu Ḥanbala] — Ахмаду′бну Ханбала болғанымен, Ахмад ибн Ханбал деп жазылады. «Ибн» сөзінің орнына «бен» деп қолдану — қате (мыс.: Салих бен Ғаним), себебі «бә′» әрпінің кәсрасы жоқ, сукунды. «Әбу» сөзі қазақ тіліне септігіне қарамастан бірқалыпты беріледі. Мысалға: ابن أبي شيبة [ibnu abī Šaịbata] — Ибну Әби Шәйба болғанымен, Ибн Әбу Шәйба деп жазылады. Сөздің соңында қосарланған дыбыстар соңғы харакат сияқты түсіп қалады. Мысалға: أبو ذرّ [abu Ḏarri] — Әбу Зар деп жазылады, Әбу Зәрр емес. أبيّ [ubaịịun] — Убай, Убайй емес. Қатыстықты білдіретін «-ий» жұрнағы сөздің соңында түсіріліп, тек кәсра ғана дыбысталады. Мысалға: عليّ [Aliịịun] — Әли, Әлий емес. الفرابي [al-Fārābiịịu] — Әл-Фараби, әл-Фарабий емес.

Дереккөздер

Санат:Араб тілі Санат:Араб әліппесі