Шықылаев Қайса Кәрменұлы (1929-2012)"Ерлік - ұрпаққа мұра". Естелік кітап. Өскемен - 2010ж. ISBN 978-601-80088-4-0 - еңбек ардагері, «1941-1945 Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» (1 қыркүйек, 1947) медалі, Еңбек Қызыл Ту ордені (26 сәуір, 1971) мен бірнеше медальдардың иегері, КПСС мүшесі (1954-1984), Күршім аудандық, ауылдық кеңестерге депутат болған.

Өмірбаяны мен еңбек жолдары Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Мөнекей ауылында 1929 жылы 10 қарашада дүниеге келген. Әкесі - Саяжанов Кәрмен, шешесі - Күлзада Қамажанқызы Бұғышева. Әкесінен ерте жетім қалған ол жеті-сегіз жасында еңбекке араласты. 1937- 1939 жылдары 7-8 жасында Мөнекей колхозында малшы болып қой, сиыр бақты. 1941 жылы - Ұлы Отан соғысы басталғанда 12 жасында жылқы бағу тапсырылды. 1945 жылы - 16 жасында балық шаруашылығына ауысып, "Зайсан" балық зауытының "Аманат" бөлімшесінде балықшы болып 37 жыл еңбек етті. 1983- 1984 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Ушанов совхозында малшы болды. 1985 жылы Өскемен қаласындағы аспаптар зауытында зейнеткерлік жасына дейін жұмыс атқарды.

Наградалары 1947 жыл - «1941-1945 Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалі 1971 жыл - Еңбек Қызыл Ту ордені 1970 жыл - Ленин медалі Медальдар Грамоталар

Жанұясы мен ұрпағы

1953 жылы жұбайы Зеріпхан Қабиқызымен (1932-1982) (Зайсан ауданы, Ақарал ауылдық округіне қарасты Ақарал ауылында туған) отбасын құрып, бірге өмір сүрген жылдары 10 бала тәрбиелеп өсірді. Олардан 19 немере көріп, екі шөбере сүйді. Зеріпхан Қабиқызы көп бала тәрбиесіндегі қажырлы еңбегі үшін І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Материнская слава" орденімен, "Медаль материнства" медалімен және "Мать - героиня" құрметті белгісімен (27 наурыз 1975ж.) марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері