Николай Алексеевич КузнецовҚазССР Қысқаша энциклопедия, 2--том. Алматы - 1987. - екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1973, 1979), азаматтық авиацияның үздігі, КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқышы.19 желтоқсан, 1922 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Ново-Карповка ауылында туған.
Еңбек жолдары мен жетістіктері 1942-1943 жылдары Петропавл қаласындағы Селище әскери авиамеханиктер мектебін, Магнитогорск қаласындағы ұшқыштар мектебін бітірді. 1943-1971 жылдары - ұшқыш-нұсқаушы, әуе кораблінің командирі , бөлімше командирі, біріккен авиаотряд командирінің орынбасары қызметтерін атқарады. 1945 жылы КОКП мүшесі. Қазақ азаматтық авиация басқармасы бастығының 1- орынбасары. 1976 жылдан Қазақстан КП ОК-інің мүшесі. 1971 жылдан Қазақ азаматтық авиация басқармасының бастығы. 10-11 сайлауларында ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты.
Наградалары Екі рет Ленин ордені Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1973, 1979) 1980 жылдары КСРО Министерлер Кеңесі сыйлығының лауреаты Медальдар
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары