Сұлы () – астық тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 7 түрі бар. Ең маңыздысы - Екпе сұлы (Avena sativa). Дәнінде крахмал, нәруызды заттар, камедь, эфир майы, қант, май, минералды фосфор, кальций тұздары бар. Сұлы ұнынан жасалған қоймалжың іш өтумен қабаттасатын ауруларға қарсы пайданаланылады.

Санат:Астық тұқымдасы