thumb|Тынық мұхиттың ағылары Шығыс Австралия ағысы – Тынық мұхиттың Шығыс Австралия жағалауындағы жылы беткі ағысы, Оңтүстік Пассат ағысының тармағы. Солтүтіктен оңтүстікке қарай жылжып, Тасман аралы тұсында Батыс Желдер суық ағысына ұласады. 25 және 32° оңтүстік ендік аралығындағы ені 100 – 200 км. Ағысының жылдамдығы 1,1 – 1,8 км/сағ, ортасында – 2,7 км/сағ. Суының орташа температурасы қыста 11 – 20°С (ақпанда солтүстігінде 26°С, оңтүстікте 17°С) жазда 15 – 26°С (шілдеде солтүстігінде 22°С-тан оңтүстігінде 12°С-қа дейін). Су ағымы 30 млн. м3/с шамасында, Тұздығы 35,5‰.

Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Санат: Ағыстар