«Валенсия» ФК (исп. Valencia Club de Futbol) - Испания біріншілігінде өнер көрсететін Валенсия қаласының футбол клубы. 1919 жылы 18 наурызда құрылған. Негізгі алаңы - «Месталья» (55 000 адам), 1923 жылы іргесі қаланған. Лақап аттары - „жарқанаттар“, „лос чес“. Тарихы Клубты 1919 жылы Октавио Аугусто Милего Диас пен Гонсало Медина Пернас деген достар құрды. Октавио Милего клубтың алғашқы президенті болып сайланды. Клуб ең алғашқы ойынын 21 мамыр 1919 жылы қонақта «Химнастико» командасымен өткізеді. Сол тарихи ойынның құрамы: Хулио Гаска, Гомес Хуанеда, Мартинес Имбарра, Алиага, Умберт, Ферре, Льобет, Фернандес, Марсаль, Марко, Перис.
1940/41 жылғы маусымда Испания чемпионатында үшінші орынға табан тіреді. Ал келесі маусымда тұңғыш рет чемпион атанды. Бұл табысын көп ұзамай 1944, 1946, 1947 жылдары қайталады.
Клуб 70-жылдардың соңында Еуропа биіктерін бағындырды, 1978/79 жылы кубок иелерінің кубогында топ жарды, Еуропа суперкубогын ұтып алды.
2000 жылдары "Валенсия" тағы да Еуропаның мықты клубтарының бірінен айналды, аргентиналық бапкер Эктор Купердің басшылығымен 2000, 2001 жылдары УЕФА Чемпиондар Лигасында финалға жетті. . 2002, 2004 жылдары Рафаэль Бенитестің жаттықтыруымен Испания чемпионы атанды және 2004 жылы УЕФА кубогын ұтып алды Жетістіктері Ұлттық Испания чемпионы - 6: 1941/42,1943/44,1946/47,1970/71,2001/02,2003/04 Испания кубогінің иегері - 8: 1940/41,1948/49,1953/54,1966/67,1978/79,1998/99,2007/08, 2018/19 Испания Суперкубогінің иегері - 1: 1999 Халықаралық Чемпиондар Лигасының финалисті - 2: 1999/00,2000/01 Жәрмеңке кубогінің иегері - 2: 1961/62,1962/63 УЕФА кубогінің иегері - 1: 2003/04 УЕФА Суперкубогінің иегері - 2: 1980,2004 Кубок иегерлері кубогінің иегері - 1: 1979/80 Интертото кубогінің жеңімпазы - 1: 1998
Дереккөздер
Сілтемелер Клубтың ресми сайты
Санат:Испания футбол клубтары Санат:Валенсия ФК