Ақтас — Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы кент.
Географиялық орны Аудан орталығы - Ұлытау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 81 км-дей жерде. Ең жақын темір жол бекеті — Жезқазған (135 км жерде).
Тарихы Іргесі 1957 жылы қаланған.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 163 адам (83 ер адам және 80 әйел адам) болса, 2009 жылы 161 адамды (87 ер адам және 74 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 140 адамды (76 ер адам және 64 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Кентте пьезооптикалық шикізат пен желілі кварцты барлайтын және өндіретін ірі кешенді геологиялық барлау партиясы, наубайхана, дәрігерлік пункт, 8 жылдық мектеп, клуб, кітапхана бар.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері