Бурыл — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Бурыл ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде орналасқан. Ауылдан батысқа қарай 1,5 км жерде Бурыл тауы бар. Ауыл Талас өзені аңғарының шалғынды қызылқоңыр топырағы қалыптасқан қоңыржай жылы агроклиматтық белдемінде жатыр. Қарабақыр өзенінің жағалауында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен50336689 7532 112,6 3320 3799 114,4 3369 3733 110,8
Тарихы 1961-97 жылдары аралығында "Ровненский" ("Ровное") көкөніс-сүт кеңшары орталығы болып келді. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссияның 06.02.1997 жылғы ұйғарымымен ауыл тарихи атауын қайта алды.
Бурылда “Диқан”, “Абай”, “Ынтымақ”, “Амангелді”, “Төле би” өндірістік кооперативтері мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Мектеп, аурухана бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобильдік жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Байзақ ауданы елді мекендері