Үшбұлақ — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Ботамойнақ ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
Географиялық орны Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 192 адам болса, 2009 жылы 210 адамды құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен192210 214 101,9 96 103 107,3 114 111 97,4
Атау тарихы 1930 жылы Түрксіб темір жолы Жамбылды басып Алматыға қарай өтеді. Ол кезде темір жолдың үстіңгі жағында Кер жол болған. Таудың етегінде көптеген бұлақтың көздері болған. Содан су ағып тұрған. Оны бұрын "Сасық бұлақ" деп атаған. Сол су көздері темір жол жағасына дейін әр жерден ағып келген. Ағып жатқан су көздері "Үшбұлақ" деп атаған. Бұрын бұл жерлерде үй болмаған. Адамдар осы жақын жердегі Королевка ауылында тұрған.
Ауыл маңындағы жер атаулары Кер жол - ертеде оны Жібек жолы деп атаған. Ол Әулиеатадан шығып Қаратаудың етегін жағалап баратын тақыр тас жол. Онымен Қытайға дейін жолаушылар, саудагерлер керуендерімен қатынап отырған.
Қызыл кестік - дөңестеу жер. Ол Үшбұлақ бекетінен шығысқа қарай 2 км жүрсе темір жолдың астыңғы жағындағы (батыс жағында) үлкен бір сай жыра. Топырағы - қызыл қоңыр, құрылысқа жарамды.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Байзақ ауданы елді мекендері