Футболдан Аустрия Ұлттық құрамасы - Футболдан халықаралық матчтарда өнер көрсетіп жүрген Аустрия құрамасы. Аустрия Футбол Одағы бақылауында. 1905 жылдан бері ФИФА және 1954 жылдан бері УЕФА мүшесі. Өз алаңындағы ойындарын "Эрнст Хаппел" стадионында өткізеді.

Тарихы Құрама алғашқы ойынын 1902 жылы өткізді. Ол кезде құрама сапында Цислейтан (аустр-венгрлердің бейресми аты) футболшылары көбірек ойнағандықтан, осылай аталды.

1938 жылы Аустрияны Германия жаулап алды да, аустриялық футболшыларды Германия сапына қосып алды. 1938 жылғы әлем чемпионатына жолдама алып қойған аустриялықтардың орны білініп, турнирге 16 емес, 15 құрама ғана қатысты. Бірақ Германия құрамасы күшейіп жарытпады, 1938 жылғы әлем чемпионатының алғашқы кезеңінде-ақ жарыстан шығып қалды, оған себеп: құрама бапкері Зепп Гербергер аустриялық және германиялық футболшыларды бір-бірімен тіл табыстыра алмады, оның үстіне фашизмге іштей наразы, олардың ырқына көніп, намысын жыртқысы келмеген аустриялықтар турнирде барын салып ойнаған жоқ.

30-жылдардың соңында Аустрияда футбол түпкілікті тоқырады, фашизм саясатынан қашқан футболшылар шетелге кетіп, бас сауғалады, елдегі футбол ұйымы мен клубтары тарап кетті. Бұдан соң екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана елде футбол жандана бастады.

1954 жылы Аустрия құрамасы әлем біріншілігінің жартылай финалына дейін жетті. Ширек финалда турнир қожалары Швейцарияны 7:5 есебімен ұтты. Бұл ӘЧ тарихындағы ең гол көп соғылған матч болатын.

70 жылдары да құрама кұшейді. 1978, 1982 жылдары әлем чемпионатының екінші кезеңіне жолдама алды. Бірақ Вальтер Шахнер, Бруно Пеццай, Ханс Кранкль секілді футболшылар құрамадан кеткен соң команда қайта нашарлап кетті. 1990, 1998 жылдары әлем чемпионатына қатысқанымен, топтан шыға алмады.

Кейін Аустрия тағы да ірі жарыстарда көрінбей кетіп, 2008 жылы өз елінде өткен Еуропа чемпионатына қатысты. Бірақ жалғыз ұпаймен топтан шыққан жоқ. 2016 жылы Еуропа чемпионатына екінші рет қатысты, бірақ нәтиже баяғыша: топтан шыға алмады. Рекордшылары Ардагерлері №ОйыншыМатчУақыты1Марко Арнаутович1152008—2Давид Алаба1052009—2Андреас Херцог1031988—20034Александар Драгович1002009—20225Тони Польстер951982—20006Герхард Ханаппи931948—19627Карл Коллер861952—19658Фридрих Концилия841970—1985Бруно Пеццай841975—1990Юлиан Баумгартлингер842009—2021

Мергендері №ОйыншыГолУақыты1Тони Польстер441982—20002Марко Арнаутович372007—3Ханс Кранкль341973—19854Ханс Хорват291924—19345Эрих Хоф281957—1969Марк Янко282006—20197Антон Шалль271927—19348Маттиас Синделар261926—1937Андреас Херцог261988—200310Карл Цишек241931—1945

Сiлтемелер

Аустрия ресми сайты Тарихи УЕФА сайта Футболшылар тарихи

Санат:Аустрия ұлттық құрамалары Санат:Аустрия Ұлттық футбол құрамасы