Шарбақбаева КүлайҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1958), шопан, ауыл шаруашылығының озаты, ҚазССР-інің мал шаруашылығына еңбек сіңірген шебері (1958). 27 қазан 1911 жылы қазіргі Павлодар облысы, Ермак кентінде (қазіргі Ақсу қаласы) туған.

Еңбек жолы 1933-1943 жылдары Май ауданының Қазақстанның 10 жылдығы атындағы колхозда колхозшы. 1944 -1951 жылдары Павлодар қаласындағы ұн тарту заводында жұмысшы. 1952-1964 жылдары Аққулы ауданының КОКП 23-съезі атындағы совхозында аға шопан, шопандар боригадасының бригадирі болып еңбек етті. Ол басқарған бригада отарларындағы қой басын аман сақтап, әр қойдан 6,4 кг жүн қырықты. 1960 жылдан КОКП мүшесі.

Жетістігі Ауыл шаруашылығы озаты. 5-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды. ҚазССР-інің мал шаруашылығына еңбек сіңірген шебері (1958).

Наградалары Ленин ордені Социалистік Еңбек Ері (1958) Медальдар

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии

Санат:Социалистік еңбек ерлері