Ақтау — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы ауыл, Ақтау ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Атасу өзенінің бойында, Ақтау тауының етегінде, аудан орталығы Жаңаарқа кентінен оңтүстік-батысқа қарай 103 км-дей жерде орналасқан.

Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 1033 адам (528 ер адам және 505 әйел адам) болса, 2009 жылы 638 адамды (323 ер адам және 315 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 474 адамды (234 ер адам және 240 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы, шаруашылығы Іргесі 1938 жылы қаланған. Округ аумағында 20 ғ-дың 40-жылдарында Түгіскен, Атасу, Жаңаталап, Киров, Алғабас ұжымшарлары ұйымдастырылған. Кеңшар негізінде 32 шаруа қожалығы құрылған. 1964 жылдан «Ақтау» кеңшарының және ауылдық кеңестің орталығы. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — қой шаруашылығы болды. Жерінің жалпы ауданы — 479,78 мың га.

Инфрақұрылымы Округ елді мекендерінде (Айшырақ, Райыс, Қарашоқы, Қылыш) 1 орта мектеп, 2 бастауыш мектеп, дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана, АТС және телехабар тарату мұнарасы т.б. мәдени-тұрмыстык мекемелері бар. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Қаражал теміржол бекеті 70 км жерде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы елді мекендері