Михаил Ефимович КандышевГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының бригадирі. 1909 жылы Ресейде Чкалов облысы, Андреев ауданы, Грачовка селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1930 жылы тракторшылар курсын бітіріп Чкалов облысындағы Андреев МТС-да жұмыс істеді. 1935 жылы Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке аудандық өндіріс комбинатында еңбек етеді. Ұлы Отан соғысына қатысады: 1943 жылы "За боевые заслуги", ал 1946 жылы "За победу над Германией" медальдарымен наградталады. 1946 жылы соғыстан қайтқан соң Жамбыл облысындағы "Новый путь" колхозына жұмысқа кіріп, егіншілер бригадасының бригадирі болады. 1948 жылы оның бригадасы 23 гектар күздік бидай алқабының әр гектарынан 33 центнерден өнім алады. Бұл еңбегі өкімет тарапынан жоғары бағаланады.

Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері