Останков Федор Афанасьевич (1906-1951)Герои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының бригадирі. 1906 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1929 жылы "Заветы Ильича" атындағы колхозға кіріп, Ұлы Отан соғысына дейін жұмыс істейді. 1941 жылы Совет Армиясы қатарында Ұлы Отан соғысына қатысып, 1943 жылы жараланып еліне қайтады. Кейіннен көрсеткен ерліктері үшін "За победу над Германией" медалімен наградталады. 1944 жылы колхоз басқармасы оны егіншілер бригадасының бригадирі етіп тағайындайды. 1947 жылы оның бригадасы бектіліп берілген 66 гектар жаздық бидайдан жоғары өнім алу үшін күндіз-түні тыңбай еңбек етеді: сүрі жер ерте көктемде 22 см тереңдікте жыртады; әр гектар жерге жергілікті тыңайтқыш себіледі: 110 т көң, 22 ц күл, 142 ц минерал тыңайтықыш; тракторлы сепкішпен әр гектар жерге 115 кг тұқым себіледі; 3 рет қопсытылып, арамшөптен арылтылады; өнім "Сталинец" комбайнымен 6 күн ішінде ысырапсыз жиналып алынады; ақтық есептеу бойынша 66 гектар жердің әр гектарынан 31 цетнерден астық жиналып, жоспарды асыра орындайды.

Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948) Медальдар

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии

Санат:Социалистік еңбек ерлері