Достық (2008 жылға дейін – Стаханов)Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен21313130 4074 130,2 1555 2042 131,3 1575 2032 129

Тарихы 1963 жылы құрылған Ленин атындағы көкөніс-сүт кеңшарының бөлімшесі болып, Стаханов ауылы аталып келді. Кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылған.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9.

Дереккөздер

Санат:Сарыағаш ауданы елді мекендері