Ан-2 (НАТО кодтау жүйесі бойынша: Colt — «Құлыншақ», әңг. — «Жүгеріші» («Кукурузник»), «Аннушка») — кеңестік жеңіл жолаушы ұшағы. Ұшақ А. Д. Швецов жасап шығарған АШ-62ИР поршеньді қозғалтқышымен жабдықталған.

Ан-2 ауылшарушылық, спорттық, әуе көлігі, жолаушы тасымалдаушы ұшақ ретінде қолданылуда және көптеген мемлекеттендің ӘӘК-нде қызметте тұр. 2012 жылға қарай 2271 Ан-2 ұшағы қолданыста тұрған, оның 1580-і Ресейде.

Ұшақтардың көп бөлігі 40 жылдан аса уақыт қолданылуда, ал кейбірінің ұшу сағаты 20 мыңға жуықАн-2 на сайте ГП АнтоновГП «Антонов» планирует сертифицировать самолет Ан-2-100 предстоящей зимой.

Ан-2 КСРО-да, Польшада өндірілген, ал ҚХР-да ұшақ өндірісі әлі де жалғасуда. Барлығы 18 мың Ан-2 ұшағы өндірілген. Әлемнің 26 мемлекетінде қолданыста болған. Ан-3 ұшағы шығарлырғанға дейін әлемдегі ең үлкен бірмоторлы биплан болған. Әлемде 60 жылдан астам уақыт бойы өндіріліп келе жатқан жалғыз ұшақ ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енгізілген.

Тарихы

Нұсқалары нобай|250 px|Оренбург әуе желілері әуе компаниясының Ан-2 флоты нобай|250 px|Ан-2Э экранопланы нобай|250 px|Шаңғылы Ан-2. Парашютисттерді секірту аумағы, Волосово, Мәскеу обл. нобай|250 px|Қолдан экранопланға өзгертілген Ан-2

Кеңестік, ресейлік және украиндық Ан-2П — жолаушы тасымалдаушы (10 жұмсақ орын). Ан-2М — жаңғыртылған (бір орынды, ауылшаруашылық). Ан-2МС (ТВС-2МС) — турбовинтті ұшақ, Ан-2 ұшағының терең жаңғыртылған (С.А. Чаплыгин атындағы Сібір авиация ғылыми-зерттеу институтында) нұсқасы. Ұшаққа Honeywell TPE331-12UAN турбовинтті қозғалтқышы және бес қалақшалы ауа винті орнатылған (Жобалық жұмыстар 2011 жылы басталды, алғашқы ұшуы 2011 жылы 5 қыркүйекте болды). Авиация и время № 3, 2013, стр. 26-28. Ан-2ПП — өрт сөндіргіш, суға қонуға арналған қалтқы шассимен жабдықталған азаматтық ұшақ. Ан-2C — санитарлық. Салон жататын алты орынмен және ілесіп жүрушы меджұмысшыға арналған. Ан-2СХ — ауылшаруашылық (азаматтық). Ан-2Т — көліктік (1,5 т. жүк), пошталық, жүк тасымалдаушы. Салонның әрлеуінсіз және жолаушы орындарынсыз қарапайым нұсқасы). Ан-2ТП — көліктік-жолаушы тасымалдаушы. Фюзеляж борттарын жағалай 12 жолаушыға арналған қатты жиналмалы орындықтармен жабдықталған. 1960-жылдардың басында 7 ұшақ Лейпцигте қайта жабдықталды; олар тікбұрышты иллюминаторлармен, әрленген жолаушы салонымен және жұмсақ орындықтарымен ерекшеленетін. Ан-2ТД — көліктік-десанттық. Салон 12 парашютші мен олардың жүктеріне арнайы жабдықталған, борттарды жағалай орындықтармен және десант пен жүкті тастауға арналған жабдықтары бар. Ан-2Ф — аэрофототүсіруші. Қарапайым фюзеляж және автопилот бар азаматтық нұсқа. Ан-2Ф — эксперименталды артиллериялық дәлдеуші, фюзеляждың орталық секциясы әйнекті етіп жасалынған, фюзеляж үстінде пулемет орнатылған және құйрық қауырсыны екікильді етіп жасалынған (1948 жыл).

Техникалық сипаттамасы нобай|250 px

Сипаттамалар Ан-2 Ан-2М Экипаж 2 ұшқышСыйымдылығы ? (? класс) ? (? класс)Ұзындығы 12,8 м 13,1 мҚанат жаймасы (үстіңгі қанат) 18,18 мҚанат жаймасы (астыңғы қанат) 14,2 мҚанат ауданы 71,52 м²Биіктігі 5,35 мБос ұшақ салмағы 3680 кг 3600 кгМаксималді ұшу салмағы 4460 кг 5500 кгКрейсерлік жылдамдығы 150-190 км/сағ, ? м биіктікте)Максималді жылдамдық 254 км/сағ, 1700 м биіктікте)Ұшу қашықтығы ? км 600 кмМаксималді жанармай салмағы 393 кгМаксимал көтерілу биіктігі 5000 мҚозғалтқыштар АШ-62ИР АШ-62МҚозғалтқыштың қуаттылығы 1000 ат күші 1000 ат күші

Дереккөздер: www.an2plane.ru , www.ria.ru ,

Апаттар

Aviation Safety Network жобасының онлайн базасында ұшақтардың жойылуына алып келген 618 әуе оқиғасы мен апаттар бойынша жазбалар бар, басқа себептерден тағы 66 ұшақ жойылды, барлығы 776 адам қаза тапты (2016 жылдың 2 қазанына сәйкес).

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Ұшақтар Санат:Антонов ұшақтары