Samsung Galaxy S4 (GT-I9500, GT-I9505) — Galaxy S смартфондар линейкасының төртінші тармағы. Алғаш рет 2013 жылдың 15 наурызында Samsung Electronics - тің арқасында Нью-Йоркте жарыққа шыққан. Ал сатылымы 2013 жылдың сәуір айының аяғында 155 қалада басталған. Бұл смартфонның ізашары Samsung Galaxy S III - тен негізгі айырмашылығы экранның үлкендігінде және рұқсаттылығында (Full HD), 13-мегапиксельдік камерада және де жаңа программалық қызметтерінде. Негізінен бұл смартфонның алдыңғы камерасы адамның назарын бақылап, егер адамның назары смартфонда болмаған жағдайда видеоның ойналуын тоқтататын қызметі бар.

Келбеті Бұл смартфонның келбеті ізашарының келбетімен бірдей десекте болады. Бірақ, сондада бәрнеше өзгерістер де бар. Смартфонның жалтырақ беті негізінен поликарбонаттан жасалған. Сатылымдағы түстері: қара («Black Mist»), ақ («White Frost»), көк («Blue Arctic»), қоңыр («Brown Autumn»), қызыл («Red Aurora»), күлгін («Purple Mirage») және қызғылт («Pink Twilight») түстер. Экранның диагоналы 5 дюйм, ал өлшемдері — 136,6×69,8 мм, қалыңдығы болса - 7,9 мм.

Техникалық ақпараттары Samsung Galaxy S4-тің корпусында төрт ядролық ARM Cortex-A15 және төрт ядролық ARM Cortex-A7 ядроларында жұмыс атқаратын Exynos 5 Octa процессоры орнатылған. Сондай - ақ өзінің ізашары секілді Samsun Galaxy S4 - тің де экраны Super AMOLED HD технологиясы арқылы жасалған. Бірақ экранның айырмашылығы (4.99" және 4.8"), рұқсаттылықтың айырмашылығы (1920*1080 және 1280*720) және де пиксельдердің тығыздығы (441 ppi және 306 ppi) жөнінен айырмашылықтар өте көп. Сонымен қатар флагман Gorilla Glass 3 қатты қорғаныш әйнегімен қапталған.

Программалық қамсыздандыруылығы Samsung Galaxy S4-тің операциялық жүйесі Samsung TouchWiz — «Nature UX» қолданушылық интерфейсті Android 4.2.2 «Jelly Bean». Флагманның камерасы «Samsung Orb» және «Dual Mode» секілді қызметтермен жабдықталған. Сонымен қатар, көздің жүрісін бақылап отыратын «Eye scrolling» секілді қызметтер де қосылған.

Дереккөздер

Санат:Samsung ұялы телефондары Санат:Android негізіндегі құрылғылар