Үсінбекова ҚалимаГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының звеношысы. 1918 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Октябрь ауданы (қазіргі Панфилов ауданы), Қоңырөлең ауылында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1931 жылы жасөспірім шағында колхозға жұмысқа кіреді. 1942 жылы "Доланалы" колхозында жұмыс істейді. 1943 жылы егіншілер бригадасының звеношысы болады. Оның бригадасы рекордты өнім алуға міндеттеме алып, оны іске асыру мақсатында барлық агротехникалық жағдайларды қадағалайды: сәуір айында күздік бидай егу үшін сүрі жер 20-22 см тереңдікте жыртылады; жыртылар алдында әр гектарға 30 т-дан көң еңгізеді; жаз бойы сүрі жер 3 рет тарамдалады; тамыз айының аяғында іріктеліп алынған тұқым қатарлы дәнсепкішпен бір гектарға 130 кг-нан себіледі; күзде өсінді жақсы тамырланады; ерте көктемде тыңайтқыш себіліп, 2 күн тырмаланып, жаз бойы 2 қайтарым қопсытылады; егін жинау барысында 11 гектар жердің әр гектарынан 31,4 центнерден өнім алынады.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Усинбекова Калима, Ел қаһармандары
Санат:Социалистік еңбек ерлері