нобай|оңға|Александриялық Гипатия Александриялық Гипатия (370—415) - астроном, математик әрі философ болған дүние жүзіндегі тұнғыш әйел. Оның жазған ғылыми еңбектері сақталмаған, бірақ біздің заманымыздың X ғасырында жазылған Византиялық түсіндірме сөздік - <<Свидада>> оның еңбектері аталған. Гипатия ежелгі грек математигі Александриялық Диофанттың (III ғасыр) <<Арифметика>> деген трактатына, Пергтік Аполлонийдің (б.з.б. 260 - 170 жылдары) <<Конустық қималар>> деген еңбегіне түсініктемелер жазған. Александрия мұражайында сабақ берген. Жаңа платоншылар мектебінің жетекшісі болған. Астролябия және гироскоп жасаушылар Гипатиядан кеңес алып отырған. Гипатия христиан дінің қабылдамағаны үшін діндарлардың қолынан қаза тапқан.Математика әлемі: Жалпы орта білім беретін оқу орындарының(мектеп, гимназия, колледж, лицей) оқушылары мен студенттеріне және математика әуесқойлары мен көпшілік оқырмандарға арналған математикалық пәндік энциклопедия.Нұрқанат Көбенқұлұлы.

Дереккөздер

Санат:Философтар