Дмитрий Иванович БудеевГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. — Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке МТС-ның тракторшылар бригадирі (1946). 1918 жылы Ресейде, Краснодар өлкесі, Крым ауданы, Кеслерово селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1946 жылы Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақстанға қоныс аударып Мерке МТС-да тракторшылар бригадасының бригадирі болады. Оның бригадасы жоғары өнім алу үшін күндіз-түні еңбек етеді: сүрі жер 30 см тереңдікте жыртылады; жергілікті (көң) және минералды тыңайтқыш еңгізіледі; дән себуді 3 күн аралас сепкіш арқылы тыңайтқыш еңгізу қатар жүргізіліп атқарылады; өсінділер шыға салысымен 5 күн бойы арылту жүргізіліп, әр гектарда 100-110 мың қызылша тамыры сақталынады; өсіп-өну кезінде 5 тракторлық тырмалау және қопсыту жүргізіліп, сонымен қатар 5 бораздалы суару және 5 механикаладырылған тыңайтқышпен қоректендіру жүргізіледі; осындай агротехникалық жағдайлардың арқасында 100 гектар жердің әр гектарынан 400 центнерден қант қызылшасы алынады.

Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері