Иван Иванович МирошниковГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке МТС-ның тракторшылар бригадасының бригадирі (1946). 1910 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауылында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1930 жылы "Новый путь" колхозына оның құрылуының алғашқы күндерінен бастап жұмысқа кіреді. 1935 жылы тракторшылар курсын бітіріп, бастапқыда дөңгелекті, кейінірек шынжыр табан тракторда тракторшы болып істейді. Ұлы Отан соғысы жылдары майданда болып, соғыстан 1945 жылдың желтоқсанында оралған соң өз жұмысына кіріседі. 1946 жылы тамыз айында таркторшылар бригадасының бригадирі болып тағайындалады. Осы жылы бригада егін жинау науқанын ойдағыдай аяқтап, сүрі жерді жырту жоспарын уақытынан ерте орындайды. Егіндікті жоғары дәрежеде механикаландырудың нәтижесінде колхоз қант қызылшасынан - 120 гектар жердің әр гектарынан орташа есеппен 506 центнерден өнім жинайды.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері