Қошалақ — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Еңбекші ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Құрманғазы ауданындағы қалмақ әйелінің атымен аталатын жер (жергілікті халық аузынан). Топонимист Ә.Нұрмағамбетұлы түркі, моңғол, тунгус-маньчжур тілдерінде дыбысталуы ұқсас сөздердің мағынасын салыстырып, «алқап, алаң, оңаша орын» деп түйіндейді.
Географиялық орны Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан солтүстікке қарай 95 км жерде құм төбелер қоршаған Нарын құмында орналасқанҚұрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7 .
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 339 адамды құрады (172 ер және 167 әйел адам). 2009 жылғы халық санағы бойынша ауылда 329 адам тұрады (164 ер және 165 әйел).
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 152 адамды (83 ер адам және 69 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Атақты тұлғалары Жұмекен Нәжімеденов – қазақ ақыны, Қазақстан мемлекеттік әнұранының авторы. Бақтықожа Ізмұхамбетов – Атырау облысының әкімі. Рахымжан Отарбаев - жазушы, драматург. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Елді мекендегі көшелер Бақыт Қарабалина көшесі
Дереккөздер
Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері