Исланд мүгі - () – атауында "мүк" деген сөз болса да, бұл өсімдік Қыналарға (Саңырауқұлақтар дүниесі) жататын өсімдік, бұталы–жапырақты қына. Оның тері тәріздес біртұтас қабаттамасы болады. Ол ағашқа, топыраққа және басқа да заттарға қабаттамасының қысқа жіптері арқылы жабысып тұрады.
Табиғатта таралуы. Еуропа, Азия, Африка және Австралияның қарағай ормандарында, мибатпақтарында, тундрада және орманды тундрада өседі “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998.
Қазақстанда бұл өсімдік республикамыздың Солтүстік Қазақстан, Көкшетау және Орал облыстарында ғана аздап кездеседі. Олар қарғайлы ормандар мен сирек ормандарда, Орал облысындағы тау жайылымында кездеседі.
Биологиялық сипаттама thumb|left Исланд мүгі ағаштың діңіне, тасқа жабысып өсетін қабық (қаспақ) тәрізді қына. Барлық қыналар сияқты ең қажет ететін жағдай - оттегі бай таза ауа. Түсі ақшыл-қоңырдан аққа дейін, сары, сұр, көгілдір, қоңыр түсті, жұқа қабыққа ұқсас болады. Қалақтары дұрыс емес фрмада, шеттері қайырылып қалған болады. Жеміс сабағы үлен қалақтарды ұшында пайда болады. Табақша тәрізді қоңыр, диаметрі 1,5см-дей, шеттері тісті.
Исланд мүгін жазда жинайды. Қалақтарын қоқыста тазалап ашык ауада немесе ветиляциясы бар бөлмеде кептіреді. Дәрілік шикізат ретінде мүктің қабаттамасы пайдаланылады.
Химиялық құрамы Исланд мүгінің құрамында 70—80 % углеводтар табылған, көбіне лихенин мен "изолиенин", және қант. Одан қалғаны 0,5—3 % ақуыз, 1—2 % майлар, 1 % балауыз, 3 % шайыр, 3 % пигменттер және 3 - 5 % қына қышқылдары (уснин, протолихестерин, лихестерин, фумарпротоцентрар қышқылдары).
Пайдалануы Исланд мүгінің қайнатпасын суықтағанда, тымау тигенде ем қылып қолданады. Тәбетін ашатын амалы ретіде де пайдаланады. Құрамындағы уснин қышқылы антибиотик ретінде асқаза-ішектін қабынуына дауа болады.
Мал дәрігерлігі практикасында мүк қабаттамасы тәбет ашатын ащы зат ретінде малдың асқазан – ішек жұмысын жақсартуға қолданылады. Сондай–ақ, ол іш жүргізу үшін де пайдаланылады. Оның малға беру мөлшері: жылқыға – 15 – 100 г, ірі қараға – 30 – 150 , қой – ешкіге – 20 – 80 г.
Малға мүк қабаттамасы таза күйінде жемшөппен араластырылып, сондай – ақ тұнба, басқа шөптермен қоспа түрінде де беріледі. Айталық, оның тұнбасы 1:10 қатынаста жасалады немесе 100 грамм шикізат қайнаған 1 литр суға тұндырылып, сиырға күніне үш рет ішкізіледі.
Суреттер
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Цетрария исландская Iceland moss & lichens Iceland Moss Herbal Remedies
Санат:Саңырауқұлақтар Санат:Қыналар Санат:Дәрілік өсімдіктер