Жайран немесе Зерен - () - қуыс мүйізділер тұқымдасына жататын жұп тұяқты сүткөректі жануар.

Биологикалық сипаттама Тұрқы 105-150 см, биіктігі (шоқтығынан) 54-84 см, салмағы - 20-39 кг. Мүйіз текелерінде ғана болады. Жайранның жүні қыста ұзыдау, жазда қысқалау. Түсі арқасының, қабырғасының құм түсті сұрғылт. Бауыры ақшыл, құйрығы қысқа, ақ.

Қараша - қаңтар айларынан бастап 6 ай төл көтеріп, 1-2 лақ туады.

Кәсіптік маңызы бар аң. Бірақ саны аз болғандықтан, аулауға тыйым салынған.

Таралуы Орта Азияның солтүстігінде, Алтай, Тува, Забайкальеде тараған. Қазақстанда жоқ. Бірақ қазба түрінде Түркістан облысында Жоғарғы Серафимовка ауылыда және Алматы облысында Шарын өзені бойында антропоген қабатынан табылған.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Сыртқы сілтемелер Позвоночные животные России: Дзерен Статья в Большой советской энциклопедии Редкие и исчезающие животные России и зарубежья: Дзерен

Санат:Қуысмүйізділер