Юнусова ПатышГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), "Октябрь" колхозының звеношысы (1933). 1898 жылы Қырғыз жерінде, Ленинопольск ауданы, Қызыл-Сай ауылында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1933 жылы "Октябрь" колхозына жұмысқа кірген оны колхоз басқармасы қызылшашылар тобының звеношысы етіп тағайындайды. Оның басқаруымен қызылшашылар тобы өнімнен тек жоғары көрсеткіш көрсетіп отырды: 1945 жылы межеленген 180 центнердің орнына 1 гектар жерден 653 центнер қант қызылшасын жинаған; 1946 жылы - 210 центнердің орнына әр гектардан 770 центнерден; 1947 жылы - 4,5 гектар жердің әр гектарынан 734 центнерден, ал 2 гектардан 800 центнерден өнім алады.
Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері