Дост Мұхаммед - - (23.12.1793-1863) - Ауғанстан әмірі (1834-1863). Ауған жерін біріктірмек болды; жеке хандардың сепаратистік теденцияларына қарсы күресті. Басқа елдермен (Үндістанмен, Ресеймен) сауда байланыстарын дамытты. 1834 ж. өзін Ауғанста әмірі деп жариялап, Баракзай әулетінің негізін қалады. Ағылшын отаршылдарына қарсы күресті басқарды. Дост Мұхаммед билік құрып тұрған кезінде Ауғанстан мемлекетінің қазіргі шекарасы қалыптаса бастады. Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:Ауғанстан тұлғалары Санат:Ауғанстан тарихы Санат:1793 жылы туғандар Санат:1863 жылы қайтыс болғандар