Құрашасай — Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты Новый ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2018 жылы таратылып, Ақтөбе қаласының Астана ауданындағы шағын ауданға айналды.Ақтөбе қаласында екі ауданды құру және қала аудандарының шекараларын белгілеу туралы КАТО коды — 151039200.

Географиялық орны Ақтөбе қаласынан батысқа қарай 11 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2497 адам (1227 ер адам және 1270 әйел адам) болса, 2009 жылы 1109 адамды (529 ер адам және 580 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Ақтөбе қалалық әкімшілігінің таратылған елді мекендері