Шақпақ ата асуы - шағын жота. Шығыстан шыққан Ұлы Жібек жолының керуені осы Шақпақ асу арқылы асып Тамтатджға (Түлкібасы) бет алған. Ғалым Е.Фенко 1964 жылы Түрксіб темір жол желісінің бойымен 1300 шақырымдық Арыс бекеті - Алматы - Семей аралығында 1933-1955 жылдары жүргізген жоғары дәлдікті геодезиялық өлшеулер нәтижесінде жердің ең жылдам көтерілуі осы Үлкен Қаратау жотасының Құлантау арқылы өтетін Шақпақ асуында екенін анықтады. Оның орташа мәні жылына 10-12,5 мм болатынын есептеп шығарған. Шақпақ асуының ауа-райы үнемі өзгеріп отырады. Көктем мен күз айларында шығыстан батысқа қарай бірнеше тәулік бойы секундына 35-40 м жылдамдықпен жел соғып тұрады. Мұны осы аймақтағы жұрт "Шақпақтың желі" деп атайды. Бұл кезде жыл құстары төмендеп ұшатындығын байқаған орнитолог ғалымдар құстарға сақина салу орталығын осы асуға құрды. Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысы географиясы