нобай|оңға|Астрахановканың бір көрінісі Жаңаталап (1997 жылға дейін - Астрахановка) — Ақтөбе облысы Қобда ауданы, Терісаққан ауылдық округі құрамындағы ауыл. Бұрынғы Жаңаталап ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Ауданның солтүстігіндегі Терісаққан өзенінің бойында, аудан орталығы - Қобда ауылынан солтүстік-шығысқа 25 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 872 адам (420 ер адам және 452 әйел адам) болса, 2009 жылы 492 адамды (250 ер адам және 242 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 313 адамды (179 ер адам және 134 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Инфрақұрылымы Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу шеберханасы, клуб, аурухана, балабақша, орта мектеп, кітапхана бар. Телехабар қабылдайды. "Ақжол" өндірістік кооперативінде 176 адам еңбек етеді. Жаңаталап ауылдық округінің орталығы. Елді мекендері: Новая Москва, Жарықбас. Өзендері: Терісаққан, Қарағанды, Жарсай. Ауданаралық көтерме жол бар.А7-Ақтөбе: Энциклопедия - Ақтөбе . "Отандастар - Полиграфия" ЖШС , 2001 жыл.

Дереккөздер

Санат:Қобда ауданы елді мекендері