Жауғаш батыр ауылы — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Кеңес ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Ауылдық округ орталығы - Кеңес ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей, аудан орталығы - Меркі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 63 км-дей жерде. Ауылда бастауыш мектеп, фельдшерлік пункт бар.Қазақ энциклопедиясы
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен770 78 10,1 384 47 12,2 386 31 8
Тарихы Бұрын бұл жер ит тұмсығы батпайтын қалың қамыс, қоғаның орны болған. Сол қалыңның ішінде жолбарыс, қасқырлар болған. Сондықтан бұл маңға ел қоныстануға қорыққан. Абылай ханның тұсында жер үшін, мал үшін жоңғарлармен жиі соғысып жүрген аумалы-төкпелі заманда Жауғаш батыр өзінің ағайындарын Іленің бойынан көшіріп, осында әкеліп қоныстандырған екен.
Кеңес өкіметі кезінде ауыл Папанин деген орыс ұшқышының атымен аталған. Кейін тәуелсіздік алғаннан кейін ауылға Абылай ханның қолбасшысы болған Жауғаш батырдың есімі берілді.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Меркі ауданы елді мекендері