thumb|left|Самурайдың үйіндегі ағаш кеспекте - алтын балықтар Алтын балық () - Корея, Қытай, Жапония су қоймаларында кездесетін күміс түсті табан балықтан () қолдан сұрыптау нәтижесінде шығарылған балық тұқымы. Бұлар қызыл, жасыл, қызғылт, сары т.б. болғандықтан Алтын балық деп аталады.

Үлкен аквариумда ұсталады, онда судың жылылығы 20°С болуы керек.

Уылдырығын сәуір-мамырда шашады, шабақтары екі жылда ересек балыққа айналады. Алтын балыққа жауын құртын, маса личинкаларын, уақтап туралған жас ет, сулы, сөк ботқасын және ақ нан беріге болады.

Алтын балықты аквариумда 10-12 жыл өсіруге болады.

Алтын балық табиғи суларда да кездеседі. Олар - вакин, комета түрлері. Бұл түрлері балдырлар арасында уылдырық шашады. Сол арада 2-2,5 тәулікте ұсақ шабақтар өсіп шығады. Олар бір жылдан кейін өздері уылдырық шашады.

Түрлері Әуесқойлар мен кәсіпқойлардың сұрыптау жұмыс нәтижесінде қазіргі таңда Алтын балықтың көптеген түр тармақтары пайда болды. Алуан пішінді, түрлі түсті 300-ден астам тіршелері бар Алтын балықтар 2 улкен топқа бөлінеді: денесі ұзын Алтын балықтар қысқа денелі Алтын балықтар

Кейбір түрлері

Атауы Сурет СипаттамасыКәдімгі алтын балық (120pxТабиғи пішінінен айырмашылығы аз.Көбелек (; )120pxЕрекше пішінді аквариумдық алтын балық, артқы жүзбеқанаты көбелектің қанаттарына ұқсайды.Желпуіш тәрізді алтын балық ()120pxҚысқа құйрығы желпуішке ұқсаған алтын балық.Шілтеқұйрық ()120pxДенесі жұмыртқа тәрізді, қысқа. Жүзбеқанаттары ұзын, шілтеге ұқсас, екіге немесе үшке, төртке бөлінген.Комета (; )120pxДенесі ұзындау, жүзбеқанаттары дара.Оранда (; )120pxДенесі қысқа, жұмыртқа пішінді, көдерінің арасында үлкен бұлтық бар, жүзбеқанаттары ұзын. Ранчу (; )120pxДенесі қысқа, жұмыртқа пішінді, арқа жүзбеқанаты жоқ, қалғандары - қысқа, басында көптеген мүйізгектер болады.Рюкин (; )120pxДенесі шар нысандас, арқасында бүкір бар.Телескоп (; )120pxДенесі қысқа, жұмыртқа пішінді, жүзбеқанаттары ұзындау келген, құйрық жүзбеқанаты ерекше болады. Көздері үлкен, адырайған, телескоп оккуляры сияқты - содан атауын алған.Шілтеқұйрық телескоп ()Денесі қысқа, жұмыртқа пішінді, жүзбеқанаттары ұзын, құйрық жүзбеқанаты - айырланған. Көздері үлкен, адырайған.Қара телескоп120pxҚара барқыт түсті алтын балық, денесі қысқа, жұмыртқа пішінді, жүзбеқанаттары ұзын.Шубункин (калико) (; )120pxҚабыршақтары әйнектей, түсі - "шыт" сияқты ала-құла.

Сыртқы сілтемелер Коммерческое разведение золотых рыбок в Китае (серия фотографий) , фототур по ферме золотых рыбок "An Interpet Guide to Fancy Goldfish" by Dr. Chris Andrews, (Feeding, pages 40 to 45), Interpret Publishing, 2002. - ISBN 1-902389-64-6 "Fancy Goldfish: A Complete Guide to Care and Collecting" by Dr. Erik L. Johnson, D.V.M. and Richard E. Hess, Weatherhill, Shambala Publications, Inc., 2006 - ISBN 0-8348-0448-4

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Тұқылар Санат:Аквариум балықтары