Кеусен (дәстүр). “Кері кеткен кеусен сұрауға да ерінеді” (мақал). Бұл егіншілікке байланысты айтылатын сөз. Әдетте егін пісіп, мол өнім алынғанда егіншілер туған-туысқандары мен ауылдастарына, іліктеріне астық береді. Оны “кеусен” деп атаған. Бұл малшылардың “көгентүп” беретіні сияқты ұлттық, мырзалық дәстүрдің бір түрі. Кеусен – егіннен мол өнім алған уақытта туысқандарына, дос-жолдастарына, ауылдастарына өзінен артылғаннын бөліп берген ұлттың мырзалығын көрсетеді. Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж. Сыртқы сілтемелер | жақсылық дәстүрлер жақсылық мұралары
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мәдениеті