Қараадыр – Қазығұрт тауларының оңтүстік-батысындағы шоқылы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Қарақасқа ауылының оңтүстік-шығысында 5 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 506 м. Ұзындығы 7 – 8 км, енді жері 6 км шамасында.

Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Жақсышат және Жаманшат өзендерінің салалары Қараадыр тауының баурайындағы бұлақтардан бастау алады. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Етегінде Сайдалы, Әбілда қыстаулары орналасқан.

Өсімдігі Сортаңды қызғылт қоңыр топырағында жусан, бетеге, қоңырбас, итмұрын, тобылғы, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары