Ұлы эллада Бірнеше мыңжылдықтар бұрын Балқан түбегі мен Жерорта теңізінің аралдарында өмір сүрген ежелгі гректер өздерін эллиндер, ал елдерін Эллада деп атаған. Қазіргі Грекия жерінде сол дәуірлерден қалған көптеген антикалық ескерткіштер сақталған.

Крит аралында ертеректе озат теңізшілер, шеберлер мен суретшілер өмір сүрген. Астанасы Кносс қаласында 3,5 мың жыл бұрын көптеген ұзын аралық жолдары, салтанат залдары, сәндә жатын бөлмелері бар өте жақсы сарай түзеді. Бұл сарайды көрген гректер - кірген адамшығар есігін таба алмайтын ғимарат, лабиринт атап кетті. Олар лабиринтті басы бұқаның басы, денесі адамның денесімен тұратын құбыжық, қанішер Минотавр жайлаған деп сенді. Көптеген ғасырлар бойы адамдар лабиринт жай ойдан шығарылған аңыз деп келсе, XX ғ. басында Кносс сарайын қазған ағылшын археологтары лабиринттің шын мәнінде болғанын дәлелдеді Сәулет

Акрополь бірегей архитектуралық кешені қазіргі Грекияның астанасы Афинада сақталған. Грекше "Акрополь" - "жоғарғы қала" дегенді білдіреді. Бұл мекен көне Афинаның тұрғын үй орамдарынан жоғары, негізінен, ғибадатханалар мен алып ескерткіштерден құралып, тегіс төбенің басына қоныс тепкен. Афинаның басты ғибадатханасы б.з.д. V ғ. салынған (сәлетшілер Иктин мен Калликрат ) Парфенон болды. Гректер оны әлемдегі ең әдемі де маңдай алды ғибадатхана санап, үнемі ғалам ғажайыптары қатарына қосатын. Парфенон 2 мың жылдан аса уақыт бойы тұрып, ішінара XVII ғ. мүжіле бастады. Афиналық Акропольда,алып та, тіп-тік Парфенонға жақын жерде шағын, нақышты Эрехтейон жайғасқан. Бұл ғибадатхананың үш түрлі діңмаңдайшасы (кіреберіс) болған. Бір кіреберісіндегі қалқаны бағаналар емес, алты қызыдың (мұндай мүсіндер кариатидалар аталады) тіреп тұрған. Дереккөздер 2012 "Мәскеу Росмэн" "Әлем ғажайыптары" ISBN 978-5-353-06044-4 УДК 087,5 ББК 92