Росса итбалығы () – нағыз итбалықтар тұқымдасына жататын ескекаяқты сүтқоректі. Антарктида теңіздерінің тұрғыны. Ол адам аяғы баспаған орындарында кездеседі, қазір олар өте сирек. Мұздарда жалғыз жатады. Ол өте семіз, епсіз аң. Оның мойны қысқа терең қатпарлы - ол мойнына басын түгел тығып тұрады. Үні қатты әрі әуенді шығады. Адамдардан қорықпайды, тым жақындап жүруден де жүрексінбейді. Ол кальмарлармен, теңіз жұлдыздарымен, басқа да бас аяқты молюскалармен, шаянкестермен қоректенеді.Жануарлар әлемінің үлкен атласы,«Алматыкітап» баспасы. 2000 жыл ISBN 2078-6727
Дереккөздер
Санат:Нағыз итбалықтар