Қызыл – Тарбағатай жотасының солтүстік бөлігіндегі тау сілемі.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Құйған ауылының оңтүстігінде 31 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2556 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 16 км-ге созылған, енді жері 6 км.

Жер бедері Беткейі тік, өзен аңғарларымен тілімденген. Солтүстігінен Орта Ласты (Ласты), оңтүстік беткейінен Терісайрық өзендерінің салалары бастау алады. Батысында Кішіқожыр, шығысында Сарышоқы, солтүстігінде Қаршыға, оңтүстігінде Құтанашбай таулары орналасқан.

Өсімдігі Тау беткейлерін негізінен таудың қара және қызғылт қоңыр топырақты дала ландшафтысы алып жатыр. Солтүстік беткейдің жоғарғы белдеуінде альпі шалғыны басталады. Оңтүстігі бұталы дала, тау етегінде жусан аралас астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Тауаралық аңғарлары мал жайылымына қолайлы.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Дереккөздер

Санат:Тарбағатай ауданы таулары