Электрлі жыланбалықПятиязычный словарь названий животных. Рыбы. 131 бет, ()  - Electrophorus тұқымдас тармағының жалғыз өкілі.

Биологиялық сипаттамасы Оның ұзындығы 1-3 метрге жетеді. Салмағы 40 кг-дай жетеді.

Түсі зәйтүн-қоңыр. Басының төмен жағы және тамағы - сарғылт, көзі - жасыл.

Оның денесінің 5/4 бөлігін электрлік органдары алып жатады.Ол бойындағы күшті тоқпен жемтігін жансыздандырады және жауларынан қорғанады.Жануарлар әлемінің үлкен атласы,«Алматыкітап» баспасы. 2000 жыл ISBN 2078-6727

Электірлі жыланбалық ауамен демалады, сондықтан әр 15 минут сайын судан көтеріліп тұрады. Оның денесінде қабыршақ болмайды. Ол құйрығындағы қанаттары арқылы қозғалып отырады.

Таралуы Оңтүстік Американың Амазонка өзенінің орта және төменгі ағыстарында кездеседі. Таяз, қайранды өзендерге, кейбір кислороды аз Амазонка сағаларында баяу ағысты жерлерінде жүреді.

Бұл балық үлкен аквариумдарда (океанариумдарда) жақсы жерсініп кетеді.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Сүйекті балықтар