Қаражүсіпұлы Дүйсен (т. -ө. ж. белгісіз) - 19 ғасырда өмір сүрген қазақтың халық шебері, мүсінші әрі сәулетші. Сам аймағында (қазіргі Ақтөбе обл.) туып-өскен. Құлпытас орнату мен сағанатам салудың ұстасы. Ол Сам құмының оңт.-батысындағы Омар мен Тұрдың мазарын салаған(1897). Сонымен бірге ол сағаналар мен құлпытас жасау ісінде қазақтың ұлттық ою-өрнегін қолдана білген.

Дереккөздер ↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7