thumb|left|192px|10-шы Граф Аранда, Сарагосадағы мүсіні Педро Пабло Абарка де-Болеа, 10-шы граф Аранда ( ( 21.12.1718, Сьетамо, Уэска провинциясы, Арагон, ИспанияБасқа мәлімет бойынша: 18 желтоқсан 1718 жылы туылып, 7 қаңтар 1798 қайтыс болған. Испан тіліндегі Уикипедияда: 1 de agosto de 1719 — 9 de enero de 1798. - 09.01.1798, Эпила, Сарагоса провинциясы, Арагон, Испания) - Испанияның мемлекеттік қайраткері және дипломат.
1766-73 жылдары Карл ІІІ король тұсында испан үкіметін басқарды. Француз ағартушыларының көзқарасын жақтай отырып, Аранда иезуиттерді елден қуғызды (1767 ж.) және инквизицияның қызметіне шек қойды. Аграрлық реыорма жүргізуге тырысты, бірақ феодалдардың қарсылығы оны 1773 ж. орнынан түсуге мәжбүр етті.
1770-80 жылдары Аранда Францияда елші болды. Испанияға тиімді Париж бітім шартын жасауға (1783 ж.) көмектесті. 1792 жылы қайтадан үкімет басына келді. Испанияның революцияшыл Франциямен соғыса беруіне қарсы шыққаны үшін орнынан алынып, жер аударылды. (1794 ж.)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер The Penny Cyclopædia of the Society for the Diffusion of Useful Knowledge Abarca de Bolea y XimИnez de Urrea, Pedro Pablo, X conde de Aranda
Санат:Испания