Қожаберген жырау — Орта жүз Ашамайлы Керейден тарайтын Көшебе руынан шыққан атақты батыр, әйгілі суырып салма ақын Қожаберген Толыбайұлының есімі ежелден еліне белгілі болғанымен, соңғы уақыттарға дейін түрлі себептермен әдебиет тарихына енбей, қағаберіс қалып келді.

Өмірбаяны Қожаберген 1663 жылы, қоян жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының Күлтөбе деген жерінде Толыбай сыншының отбасында дүниеге келген.

Қожабергеннің араб, парсы тілдерін жетік білгендігіне байланысты ол Әз-Тәукенің сенімді елшілерінің бірі болған. Сондай-ақ, шежіреші, білімдар адам болған. Қазақ шаңырағында туған. Анасы Ақбілек Орта жүз, Арғын Айдабол бидің қызы.Нұржекеұлы Б. Қазыбек бек және қазақ тарихы.—Кітапта: «Қазақ тарихынан». А., 1997, 427- 455 беттер.

Қожаберген қазақ халқының шығу тарихын жырға қосып, «Ата-тек» деген дастанын шығарды.Нұрпейісов Т. Үш ғасырлық отарлау.— «Ана тілі»,1996, 7 қараша. Өз аулында мешіт-медресе ашып, бала оқытып, ислам дінін насихаттайды, шеберхана салдырып, елді қол өнеріне баулып, егін салуды қолға алады.Исабай Қ. Әбілқайыр хан қазақ тізгінін кімге ұстатқан.— «ЗаманҚазақстан»,1998, 6 ақпан.

1688 жылдың маусым айында Түркістан шаһары маңында Әз-Тәуке бастаған барша қазақ жақсылары 25 жастағы Қожабергенді Ордабасы, яғни хан ордасының бас қолбасшысы, әрі бас ақын етіп сайлайды.Бүркітбаев Ә. Сақнаме.— «Егемен Қазақстан», 1998, 1, 24 қаңтар; 13 ақпан. Ол сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды, қазақ хандығының ішкі-сыртқы саяси хал-ахуалын жете біліп, әрдайым өз жырларына арқау етіп отырған. Қожаберген батырдың жан-жақты қабілеті бар дарабоз тұлға екендігіне қоса, оның елші әрі сынықшы болғаны жайлы да деректер бар. Оған ақынның «Елшілік» деген өлеңі дәлел.Байбатша Қ. т. б. Қозыбасы — қазақ хандығының туы тігілген жер. – «Егемен Қазақстан», 1997, 18 маусым.

Қожабергеннің әдеби мұрасын жинап, сақтаған — Сегіз Сері. Ол жыраудың «Елім-ай», «Баба тіл», «Жеті Жарғы», «Қабанбай батыр», «Ер Көкше», «Асан ата», «Ер Қосай», «Ер Жәнібек», «Қорқыт баба», «Ер Едіге», «Орақ батыр» т.б. төлтума шығармаларын жинап, бізге жеткізген. Осы дастандарының бәрінде де ақын елді сыртқы жауға қарсы азаттық жолындағы күреске шақырып, қазақ халқының бірігіп, іргелі ел болуын армандап, соны жырға қосады.Елеуұлы М. Шу өңірі: аңыз бен тарих.—ҚазМУ хабаршысы (тарих сериясы). А., 1996,3, 6-12 бет. Бұл жағынан алғанда, Қожабергеннің жыр еткен тақырыбының саяси жағынан өте маңызды екенін көреміз.Ақатай С., т.б. Қазақ Ордасы: шығуы мен тегі.- «Заман Қазақстан», 1996, 27 желтоқсан.

«Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Күлдірмамай», «Шұбырынды», «Сұлама» күйлерін шығаруы Қожабергенді күйшілік қырынан танытады.Әбілдаев Б. Аңырақай шайқасы.— «Қазақ батырлары», 1991,10. Атынан белгілі болып отырғанындай, күйлерінің тақырыбы да күрес, майдан, ел басына туған қиын кезең. Жырау сол кездегі халық зарын күй тіліне айналдырады.Хасенов Қ. Қазақ тарихының 5000 жылдық баяны. А., 1996.

Қожабергеннің ақындық талантын танытқан, тарихқа атын қалдырған «Елім-ай» жыр-дастаны. Ел басына түскен ауыр апатты «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңін жыр тіліне көшірген. Шығарма 7 бөлімнен тұратын 3683 шумақ, яғни 14732 жол өлең. Қазақ әдебиетінде 11 буынды, 4 тармақты, қара өлең ұйқасымен шығарма жазудың негізін салушы осы Қожаберген жырау десек, қателеспейміз.Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973. Оның көлемді дастандарының бәрі бұған дәлел бола алады. Жыраудың бұл дәстүрін кейін оның інісі Дәстем салдың немересі Жанкісі ақын, шәкірттері Көтеш, Жанақ ақындар одан әрі дамытып әкеткені белгілі.Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы. А., 1957.

Әдебиет Кәрібаев Б. Қазақ хандығының құрылуы.—«Қазақ тарихы»,1995,6; Керей хан.— «Егемен Қазақстан»,1997, 22 наурыз; Жәнібек хан.- «Егемен Қазақстан», 1997, 14 маусым. Кекілбаев Ә. Елдік пен ерлік киесі.- «Егемен Қазақстан»,1997, 14 наурыз. Қаратаев Т. Әбілхайыртанудың кейбір «ақтаңдақ» беттері.- «Қазақ әдебиеті»,1998, 11 желтоқсан. Салғараұлы Қ. Ақ орда ма, көк орда ма.- «Ана тілі», мешін жылы, 2 сәуір. Сарай Ә. «Қазақ» атауының ізімен.- Кітапта: «Қазақ тарихынан», А., 1997, 353- 398 беттер. Сейдімбек А. Елі үшін туған ер.- «Жас алаш», 1998, 8 қыркүйек. Сағынбекұлы Р. Рухани нәр. «Алматы ақшамы», 1996, 7- 9 қазан.

Дереккөздер

Санат:Қазақ жыраулары